Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

НЬЮ-ЙОРКТЕ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 01.07.2022 2976 0 пікір
НЬЮ-ЙОРКТЕ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барды.

Нью-Йорк қаласының мэриясында өткен «Нью-Йорк Қазақстанды қошеметтейді: Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі» дөңгелек үстел жұмысына Қазақстанның Вашингтондағы елшісі Ержан Ашықбаев, Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев, ҚМДБ Қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы, Этникалық өзара түсіністік қорының Президенті раввин Марк Шнайер, Нью-Йорк қаласы мэриясының, діни бірлестіктердің, ғылыми орта мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында тараптар ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың практикалық жолдарын талқылады.Іс-шара соңында Нұрбек Әуесханұлы дөңгелек үстелді ұйымдастырғандары үшін Ержан Ашықбаев пен раввин Марк Шнайерге алғыс білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру