Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Қызылорда: Ғалым ұстаздар жамағатпен кездесті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 05.11.2021 1277 0 пікір
Қызылорда: Ғалым ұстаздар жамағатпен кездесті

Қызылорда шаһарындағы екі күндік сапар аясында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғалым ұстаздары мешіттерде жамағатпен жүздесіп, уағыз-насихат айтты.

Университеттің аға оқытушысы, PhD доктор Азамат Жамашев Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» және «Нұр» мешітінің жамағатымен жүздесіп, «Хадис ілімі» тақырыбында уағыз-насихат жүргізсе, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің докторанты Ернар Мәжен қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Жақсылық жасау» тақырыбында әңгіме өрбітті.

Сонымен қатар «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жамағатымен PhD доктор Ерғали Алпысбаев «Ағайынмен тату болудың маңыздылығы» тақырыбында салихалы сұхбат жүргізді.

Бас имам Болатбек Ұласқанұлы Сыр өңіріне келген ғалымдарды жамағатқа таныстырып, ұстаздардың білім жолы мен еңбектерін атап өтті.

Қонақжай Қызылорда жамағаты білім иелерін зор құрметпен күтіп алып, рухани уағызбен сусындады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру