Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«УЗСТАНДАРТ» АГЕНТТІГІ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

halaldamu.kz 22.01.2021 2525 0 пікір
«УЗСТАНДАРТ» АГЕНТТІГІ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Өзбекстанда арнайы іссапарда жүрген «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «Узстандарт» стандарттау, сертификаттау және техникалық реттеу ғылыми-зерттеу институтының сертификаттау агенттігі («Узстандарт» агенттігі) меңгерушісі Саидов Суннатилламен кездесті.

Жиынға «Халал Дамудың» бас технологы Айжан Омарова және Өзбекстандағы техникалық реттеу, стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы мәселелерді шешуге арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік орган – «Узстандарт» агенттігінің мамандары қатысты.

Басқосуда екі елдің стандарттау және сертификаттау саласында атқарылып жатқан жұмыстары бойынша ақпарат беріліп, кәсіби біліктілікті жетілдіру мақсатында тәжірибе алмасты. Орталық Азия елдерінде халал индустриясын дамыту, шариғатқа сай өнім өндіретін кәсіпорындар санын арттыру, бірлескен оқу-семинар дәрістер жүргізу мәселелері қозғалды.

«Халал – халыққа, ұлтқа емес, Ислам дінне тән ортақ ұғым. Бауырлас өзбек халқының адал, таза, шариғатқа сай өнім тұтынуы, отандық нарықта халал өнімдердің көбеюі бізді қуантады. Өзбекстанда «QMDB halal» стандарты бойынша жұмыс жасайтын бірнеше кәсіпорын бар. Бұл – екі ел арасындағы бауырластықты арттырып қана қоймай, көршіліс қазақ халқына деген сенімнің көрінісі деп білеміз» деді Айбек Асқарбекұлы.

Өз кезегінде Саидов Суннатилла мырза ҚМДБ-ның «Халал Даму» серіктестігі бекіткен стандарттардың Өзбекстанда жоғары бағаланатынын атап өтіп, екі елдің халал саласындағы байланысы одан сайын нығая түсетінін жеткізді.

Айта кетейік, «Халал Даму» ЖШС-нің алға қойған мақсатының бірі – «QMDB halal» таңбасымен шығарылатын өнімдерді елімізде ғана емес, көршілес мемлекеттерде де дамытып, отандық халал таңбасының құндылығы мен сұранысын арттыру.

WhatsApp Image 2021-01-22 at 12.30.54 (2).jpeg

WhatsApp Image 2021-01-22 at 12.30.54 (5).jpeg

WhatsApp Image 2021-01-22 at 12.30.54 (3).jpeg

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Sońǵylar

Musylman dіnı kúntіzbesі