Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Мешітке смарт-карта арқылы кіргізеді

islam.kz 16.06.2020 5740 0 пікір
Мешітке смарт-карта арқылы кіргізеді

Үндістан мұсылмандары жұқпалы індеттен сақтану үшін жоғары технологияның көмегіне жүгіне бастады.

Қалтасына ауырлық түсірсе де денсаулық пен өзгелердің өмірін қатерге тікпеу үшін Керала штатының мұсылмандары мешітке смарт-карта арқылы кіретін жүйеге көшті. Кожикод қаласындағы мешіттердің бірінде жамағатқа мұндай карталар таратыла бастады.

Мешітке қанша адамның кіргенін біліп отыруға әрі бір жерге шоғырланып жиналуының алдын алуға көмектеседі. Мешітке келген адам камера алдына мәліметін тосады: онда мекен-жайы мен телефон нөмірі тіркелетін автоматты жүйесі енгізілген. Келесі келгенінде тек смарт-картасының нөмірін ғана атаса жетіп жатыр. Мешіт есігі картаны датчиктен өткізген соң автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ мешіт есігінде сенсор орнатылған.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру