Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

МӘСКЕУ: Бөлім басшысы халықаралық конференцияға қатысты (ФОТО)

www.muftyat.kz 06.11.2019 3342 0 пікір
МӘСКЕУ: Бөлім басшысы халықаралық конференцияға қатысты (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Ресей астанасы Мәскеу қаласында өткен халықаралық рухани ағартушылық шараға мәртебелі мейман ретінде қатысты. 

Белгілі дін қайраткері, шейх Мухаммад Садық Мухаммад Юсуф атындағы бірінші халықаралық рухани-ағартушылық шараға Қазақстан, Ресей, Татарстан, Шешенстан, Қырым, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан республикаларының дін мамандары қатысты.

Аталмыш жиынның секциялық отырысында сөз сөйлеген ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров әуелі еліміздің Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораздың ыстық сәлемдемесін жеткізді.

«Мухаммад Садық Мухаммад Юсуф шейхтың діни еңбектері ғалымдық қырын жан-жақты ашуға мүмкіндік береді. Себебі, Мухаммад Садық Мухаммад Юсуф ислам ғылымының барлық салаларын, айталық тәпсір, хадис, ақида, фиқһ, тасаууф және т.б. ілімдерін зерттеген ғалым. Сонымен қатар ол, Әбу Ханифа мәзһабы бойынша дәстүрлі бағытты насихаттаған көптеген еңбектердің авторы» деп атап өтті өз сөзінде бөлім меңгерушісі.

Халықаралық деңгейде өткен іс-шара соңында Мұхаммад Садық Мұхаммад Юсуф атындағы бірінші халықаралық шараға қатысушылардың резолюциясы қабылданды.


Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру