Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Мыңдаған пәкістандық балалар шеруге шықты

www.muftyat.kz 26.09.2019 3025 0 пікір
Мыңдаған пәкістандық балалар шеруге шықты

Мыңдаған пәкістандық балалар Джамма мен Кашмирегі замандастарының жағдайына әлемнің назарын аудармақ ниетпен шеруге шықты. Олар Исламабадтағы пәкістан үкімет үйінің алаңына Sweet Homes Pakistan қайырымдылық ассоциациясының ықпалымен жиналған.

Қолдарына: «Кашмирлік балаларды қорғаңдар!» деген жазбалар ұстаған балалар: «Кашмирге азаттық!»,- деп ұрандап әлемдік державалардан кашмирдің мәселесін шешуді талап еткен.

Бұл шерудің белсендісі Салман Рафик «Анадолу» агенттігіне берген сұхбатында ол жердегі мектептердің жабылып, коменданттық сағат енгізілгенін айтқан. «Біз бұл жерге камширлік балаларды қолдау үшін келдік. Олар 51 күн бойы Үндістанның ықпалында отыр»,- деді Рафик.

Sweet Homes Pakistan қайырымдылық ассоциациясының басшысы Заммурад Хан: «Джамма мен Кашмир аймағында 50 күннен астам уақыт мектептер жабылған. Үндістан жергілікті халықтың құқығын бұзып отыр. Пәкістандық балалар кашмирлік бауырларына демеу беруде»,-дейді.

Шеру Исламабадтың дипломатиялық аймағында тоқтаған.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру