Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Йемен халқының 80%-ы аштыққа ұрынды

www.kazislam.kz 21.01.2019 3066 0 пікір
Йемен халқының 80%-ы аштыққа ұрынды

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Йемен әлем бойынша ең ірі гуманитарлық дағдарысқа ұшырады. 30 миллион халқы бар Йемендегі 24,4 млн тұрғын көмекке мұқтаж, деп хабарлайды Islam-today.

Ұйым деректеріне сүйенсек, бұл елдегі жағдай өткен жылы күрт төмендеген. Көмекке мұқтаж адамдар қатары бір жылда 10 пайызға өскен.

Аштық азабын әсіресе жас балалар тартуда. Елде 85 мыңға дейін бала осы зауалдан мерт болу алдында тұр. «Балаларды құтқарайық» ұйымының мәліметінше, Йеменде 4 жыл ішінде азаматтық соғыс салдарынан республиканың басым бөлігі өркениеттен ажыраған. Тұрғындар тек азық-түлік пен ауыз су жеткіліксіздігінен емес, медициналық көмектің жоқтығынан да көз жұмып жатыр. Қарулы қақтығыстарда жарақат алған адамдар қажетті медициналық көмек берілмеуінен әртүрлі жұқпалы аурулар үдей түскен.

Еске салсақ, Йеменде азаматтық соғыс 2014 жылдан бері жүріп келеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру