Ливанның Арсаль қаласындағы лагерьде шатыр астында өмір сүріп жатқан 60 мыңға жуық сириялық босқынның тағдыры жыл санап қиындап жатыр, деп хабарлайды Ansar.ru.
Босқындар лагеріне келіп түсетін гуманитарлық жүк көлемі бұрынғыдан айтарлықтай азайған. Бұдан бөлек бірнеше күннен бері аймақты қалың қар басты. Ливан лагерінде он мыңдаған сириялық босқын балаларымен бірге қыс құрсауын шатыр астында өткізуге мәжбүр болып отыр. Арсаль муниципалитет басшысы Басил Хаджири Сирияда соғыс басталғанға дейін қаладағы халық саны 40 мың адам болғанын айтады. 2011 жылдан бері мұнда келушілер легі азаяр емес.
Айта кетсек, босқындар қаланың ішкі аудандары мен маңында орналасқан 126 лагерде тұрып жатыр.
Pіkіrler (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру