Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

2019 жыл – «Ислам мәдени мұралары жылы»

www.kazislam.kz 10.01.2019 3378 0 пікір
2019 жыл – «Ислам мәдени мұралары жылы»

Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымы (ИСЕСКО) 2019 жылды «Ислам мәдени мұралары жылы» деп жариялады. Бұл туралы Мәдениет министрлерінің ислам конференциясында шешім қабылданған, деп хабарлайды Islamic Republic News Agency.

ИСЕСКО мәлімдемесінде осы маңызды оқиғаны жоспарлы түрде өткізу үшін мүше-мемлекеттерді барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырды.

Осы жылдың аясында ислам әлемінің тарихи және археологиялық ескерткіштерін, архитектуралық құрылымдар, көркем сурет туындыларын, қолжазбаларды және тағы да басқа ислам мәдени мұраларын танытуға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, ИСЕСКО үлкен көлемдегі материалдық және материалдық емес мұраларды Әлемдік мұралардың ислам әлемінің мәдени мұралары тізіміне енгізуді ұсынады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру