Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Хабиб Нұрмағанбетов $1 млн. қайырымдылыққа жұмсайды

kazislam.kz 02.11.2018 2594 0 пікір
Хабиб Нұрмағанбетов $1 млн. қайырымдылыққа жұмсайды

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы дағыстандық Хабиб Нұрмағанбетов 1 миллион доллар қаражатты Африка елдерінде жүзеге асырылатын қайырымдылық шараларына қосады. Бұл туралы спортшының менеджері Әли Әбдел-Әзиз хабарлады.

Қаражаттың бір бөлігі мектеп құрылыстарына бағытталады. Дағдарысқа ұшыраған Африка елдеріне UFC чемпионы Хабиб Нұрмағанбетовтың өзі де сапарлайды. Қайырымдылық шарасы келесі жылдың басына жоспарланған.

Еске сала кетсек, өткен аптада дағыстандық спортшы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыртуымен Анкараға келді. Хабиб Нұрмағанбетов түрік басшысы бастаған The Muslim 500 әлемнің ең ықпалды мұсылмандары рейтингіне енген.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Sońǵylar

Мұрағат