Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Пациентті Құранмен емдеген дәрігерді БҰҰ марапаттады

islam.kz 12.10.2018 3336 0 пікір
Пациентті Құранмен емдеген дәрігерді БҰҰ марапаттады

Біріккен Ұлттар Ұйымы католик наным-сенімінде болса да ота кезінде пациентті қасиетті Құран және Інжіл оқып, емдейтін африкалық хирургты марапаттады. Ерекше емдеу тәсілі арқылы мұндай мәртебелі сыйлыққа қол жеткізген Эван Атар Адаха Отүстік Суданға қарасты Нілдің жоғары сағасы проинциясында орын тепкен Бунж қаласындағы Мабан ауруханасында оташы болып қызмет етеді. Оның айтуынша, сенім науқасқа көп көмектеседі. Ол пациентке анестезия алдында қасиетті Құраннан сүрелер мен аяттарды немесе Інжілден үзінділер оқып, көңілін аулайды. Ол бұл ауруханада жұмыс істеп жатқанына табаны күректей жиырма жыл болған. Бұл уақыт аралығында бөлінген Судан мен Оңтүстік Суданның қарулы қақтығыстан ауыр жарақат алған талай адамның өміріне араша түскен жан. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру