Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ресей барлық елдерді Қазақстан ұсынған терроризмге қарсы кодекске қол қоюға шақырды

ummet.kz 03.10.2018 3333 0 пікір
Ресей барлық елдерді Қазақстан ұсынған терроризмге қарсы кодекске қол қоюға шақырды

Мәскеу барлық мемлекеттерді БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессия алаңында Қазақстан ұсынған Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу мінез-құлық кодексіне қосылуға шақырды. Бұл туралы РФ СІМ-нің дүйсенбіде жарияланған хабарламасында жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінде 2015 жылы сөйлеп тұрып, Қазақстан және Ресей Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин терроризммен күресте бірлескен фронт құру және барлық мемлекеттер халықаралық құқықтар нормаларына сәйкес жұмыс атқара алатындай бастама тастаған болатын. Араға тура үш жыл салып халықаралық терроризмнің қауіптерін еңсеруге ұмтылатын коалиция құруға келіскен 70 мемлекет аталмыш ұсынысты назарға алды», - делінген дипломатиялық ведомствоның хабарламасында. 

Министрлікте аталып өткендей, кодекс «халықаралық терроризмге қарсы күрестің іргелі қағидаттарын біріктіріп қана қоймай, әрбір мемлекетті террор қаупінен құтқара алады». «Құжат антитеррор саласында әлемдік бірлестіктердің бірлескен практикалық бағыттарын айқындап бере алады».

Ресейлік тарап «құжат авторы - қазақстандық серіктестерге, құжаттың дайындалуына үлес қосқан барлық мемлекеттерге алғысын айтады».

«Барлық мемлекеттерді осы Кодекске қосылуға, сонымен қатар, БҰҰ Жарғысы базасында танылған терроризмнің қандай да бір түрі байқалған жағдайда осы құжат тәртібін негізге алуға шақырамыз», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұдан бұрын ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясында пікірталаста сөйлеген сөзінде Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу мінез-құлық кодексіне қол қойған мемлекеттердің бәріне алғыс білдірген болатын.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру