Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

01 July 2025

6 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

Суды ысырап еткен тұрғындар айыппұл төлейді

kazislam.kz 18.09.2018 4167 0 пікір
Суды ысырап еткен тұрғындар айыппұл төлейді

Таяу уақытта Мысыр тұрғындары суды мөлшерден тыс қолданғаны үшін жазалануы мүмкін. Қазіргі уақытта осыған сәйкес құжат республика парламентінің талқылауына жіберілді, деп хабарлайды Islam-today.ru.

Түзетулер Су ресурстары және ирригация туралы заңына енгізіледі. Құжат мәтінінде баяндалғандай, бұл шара суды қолдануды оңтайландырып, елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Әсіресе, заң жобасы Ніл өзенін заңсыз жағалау құрылыстарына пайдаланудан қорғайды.

Сонымен қатар, құжатта жаңбыр суын, жер асты және теңіз суларын сақтау бойынша қажетті шараларды нақтылаған. Ал ел тұрғындарына суды барынша үнемді пайдалану міндеттеледі. Суды ысырап ету мен су ресурстарына нұқсан келтіруге әртүрлі жазалар қолданылмақ, оның ішінде бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру