Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

05 July 2025

10 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

Мұражайдағы таңғажайып Құран

ummet.kz 14.09.2018 4203 0 пікір
Мұражайдағы таңғажайып Құран

Қасиетті кітаптың бұл нұсқасы ағаштан жасалған. Сүрелер биіктігі 1,77 метр, ені 1,4 метр болатын 30 тақтайшаға ойылып жазылған.

Каллиграф Шофватолла Мохзаиб  Құран аяттарын ағашта ойып, өрнектеуді 2001 жылы бастағанын айтты. Құранды бастан-аяқ толық бітіру үшін 9 жыл уақытын жұмсаған.

Оның айтуынша, бұл жобаны көптеген мұсылман қауымның қолдауымен ғана бітіре алған. Демеу көрсеткендердің ішінде Индонезияның Парламент Палатасының бұрынғы төрағасы Марзуки Алие мен ассамблея басшысы Тауфик Киемасты ерекше атап өтті.

«Тәжірибе жинақтау үшін алдымен картон бетінде аяттарды ойып, машықтандым. Арнайы мамандардың рұқсатымен кейін Құран аяттарын ағаш бетінде жаза бастадым», - деді ұста.

Каллиграфтың айтуынша безендіру жұмысына да біршама уақыт кеткен. Айталық, әр тақтайшаны безендіру орта есеппен бір ай уақыт алған.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру