Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Шіркеу басшысы мешітке келіп алғыс айтты

muftyat.kz 11.09.2018 2317 0 пікір
Шіркеу басшысы мешітке келіп алғыс айтты

Үндістанның Керала штатында жұма намазына жиналған жамағатты тосын жаңалық күтіп тұрды. Мешітке келген жамағат мінберден шіркеулік дінбасын көрді, ол су тасқыны кезінде көмек берген мұсылмандарға алғыс айтуға келген болып шықты, деп жазады About Islam Hindustan Times-қа сілтеме жасап.

«Қиын-қыстау кезде көрсеткен жақсылықтарыңызға айтар алғысымды сөзбен жеткізе алар емеспін. Мешіт имамы мен басшылығына алғыс білдіруге келіп едім, олар жамағатқа да алғыс айтуым үшін осы жерге шығарды»,- деді Жұма мешітіне келген Сиромалабар шіркеуінің әкесі Сану Путхуссери мұсылмандарға.

Өткен айда бұл аймақта су тасқыны болып жергілікті Антония шіркеуі 580 адамды паналатқан болатын. Алайда азық-түлік жетіспей, олар жергілікті мешіттен жәрдем сұраған. Мешіт қызметкерлері дереу оларға азық-түлік, дәрі-дәрмек т.б. заттар жеткізіп, үнемі көмек беріп отырған екен.

Тасқын су шілде айындағы нөсер жаңбырдың салдарынан орын алған. Жүз жылдан бері бұл аймақта орын алған су тасқынынан 483 адам қайтыс болып, 14 адам із-түссіз жоғалған. Миллиноға жуық адам құтқарушылар тобының көмегімен аман қалған.

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Sońǵylar

Мұрағат