Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Мысырда әлемдегі ең ірі күн электр стансасы салынып жатыр

7kun.kz 06.09.2018 3484 0 пікір
Мысырда әлемдегі ең ірі күн электр стансасы салынып жатыр

Египет үкіметі Каирден 640 шақырым жерде, Сахара шөлінде әлемдегі ірі Benban күн электр стансасын салып жатыр. Жоспар бойынша бұл құрылыс келесі жылы аяқталуға тиіс, деп хабарлайды ТАСС.

Электр стансасы 1,8 ГВт электр қуатын жинай алады. Бұл нысан елдегі 1 млн отбасын энергиямен қамтамасыз етеді, деп жазады The Los Angeles Times.

Жоба  құны 2,8 млрд долларға бағаланып отыр. Benban 4 мың адамды жұмыспен  қамтамасыз етеді.

Айта кетсек, бүгінгі таңда мысырда  90%  астам  электр энергиясы мұнайдан және газдан алынады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру