Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Мәскеуде жаңа медресе ашылады

kazislam.kz 06.09.2018 3520 0 пікір
Мәскеуде жаңа медресе ашылады

Таяу уақытта Ресей астанасында жаңа медресе ашылады. Діни білім беру мекемесі имамдарды, сондай-ақ ислам негіздері және араб тілі бойынша мұғалімдерді даярлаумен айналысады, деп хабарлайды Интерфакс.

Ресей мұсылмандарының діни ұйымы басшысы, Мәскеу мүфтиі Альбир Кргановтың мәлімдеуінше, оқу орны Ресей мүфтилер жиыны қолдауымен құрылған. Медресе түлектеріне алған мамандықтары бойынша қызмет етуге құқық беретін мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Діни білім ордасы Ресейдің белгілі діни қайраткері Зайнулла Расулев есімімен аталады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру