Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Қажылардан саусақ іздері алынады

kazislam.kz 23.07.2018 3459 0 пікір
Қажылардан саусақ іздері алынады

Биыл қажылық жасауға ниетті тәжік мұсылмандары өз елдерінде дактилоскопиядан өтуі керек. Бұл туралы республиканың Дін істері, халық салт-дәстүрлерін реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ansar.ru.

Еске салсақ, осы кезге дейін дактилоскопия процедураларын тәжік қажылары Сауд Арабиясы әуежайында тапсырған болатын. Биыл Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен қажылардың саусақ іздерін алу жұмыстары өз елдерінде жасалатын болды.

Айта кетсек, Тәжікстаннан Меккеге қажылық сапарына алғашқы топ 180 адам 6 тамыз күні аттанады. Республиканың Дін істері комитеті қажылыққа құжат қабылдау мерзімі аяқталғанын, құжаттар тиісті ведомствоға жолданғанын мәлімдеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру