Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

ТҮРКИЯДА ӨТКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 24.04.2018 3465 0 пікір
ТҮРКИЯДА ӨТКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың тапсырмасы бойынша, арнайы мамандардан құралған топ Түркия Республикасының Бурса қаласында білім алып жатқан студенттермен кездесу өткізді.

Мақсат - шет елдерде оқып жатқан қазақ жастарына мүфтияттың қызметі мен мемлекетіміздің дін саласындағы ұстанымын түсіндіріп, жат ағымдардан сақтандыру. Делегацияны бастап барған ҚМДБ наиб муфтиі Алау Әділбаев Діни басқарманың қоғамдағы рөлі мен негізгі стратегиялық бағыттары жайлы мәлімет берді.

Қазақстанда дұрыс діни ұстанымды қалыптастыру жолында қазақ елінің өзіне тән діни мектебінің рөлін қайта жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, профессор Ш. Керім мемлекеттің қолдауы арқасында оқу гранттарының көбейтіліп, соның арқасында елімізде де сапалы білім алуға жағдай жасалып жатқанын айтып, жастарды өз елімізде білім алуға шақырды.

Бас мүфти кеңесшісі Дәулет Әлиханов пен Нұр-Мүбарак университеті аппарат басшысы Р. Әкімбеков жат ағымдардың елдегі діни тұтастық пен тұрақтылығына тигізетін зиянын айта келе, жат ағымдардан сақтана отырып, сапалы білім алып қайту қажеттігін түсіндірді. Өз кезегінде Бурса қаласында оқып жүрген жастарымыз елімізден келген делегацияның кеңестерін қызығушылықпен тыңдады. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру