Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ (ФОТО)

muslim.kz 24.03.2018 3809 0 пікір
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін, қасиетті жұма күні Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Қайырымдылық жәрмеңкесі» болып өтті. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Наурыз мерекесінің құрметіне орай ұйымдастырылған жәрмеңке жұмысына Астана қаласы «Зекет» қоры өкілдігі мен ҚМДБ «Халал даму» ЖШС бірлесе атсалысып, игі шараның көрігін қыздыра түсті.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздары мен шәкірттерінің қолынан шыққан түрлі тағамдар мен аспаздық өнімдер, дәмі тіл үйірген тәттілер мен буы бұрқырап, тәбетті аша түскен ыстық тамақтар жұмаға жиылған жұртты еріксіз баурап, сауда сөресіне тарта түсті. Арзан бағадағы азыққа жүрек жалғаумен қатар, жұмсаған ақшасының қайырымдылық шарасына арналатынын естіген сайын жамағаттың ынта-ықыласы тіптен арта түсіп, жұма намазынан кейін жәрмеңке алаңы лық толтырды.

Айта кетейік, «Қайырымдылық жәрмеңкесін» республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздары тұрақты түрде өткізіп келе жатқанына бірнеше жыл жүзі болды. Жамағат мейірімінің арқасында жиылған қаржы түгелдей науқас сәбилерді сауықтыру шараларына жұмсалып келеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру