Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ердоған мен Рим папасы Иерусалим мәртебесінің өзгермеуін жақтады

www.muftyat.kz 11.12.2017 3194 0 пікір
Ердоған мен Рим папасы Иерусалим мәртебесінің өзгермеуін жақтады

Түркия президенті Тайып Ердоған мен Рим папасы Франциск телефон арқылы сөйлесуде Иерусалим мәртебесі өзгеруінің мүмкін еместігін талқылады, деп бұл жөнінде бейсенбі күнгі  Hürriyet газеті мәлімдеген.

Аталмыш сөйлесуде екі жақ та Иерусалимнің яһудилер, христиандар мен мұсылмандар үшін қасиетті қала болып табылатындығын баса айтқан. Иерусалим мәртебесін өзгерту үшін жасалатын кез келген қадамнан аулақ болу керек екендігі аталмыш баспада Ердоған мен Франциска сұхбатынан алып көрсетілген. 

Бұл сөйлесуге арқау болған АҚШ президенті Дональд Трамптың сәрсенбі күні "Иерусалимді Израиль астанасы деп мойындайтын кез келді", - деп мәлімдеуі еді.

Сондай-ақ, Ақ Үйдің иесі АҚШ Мемлекеттік департаментіне америкалық елшілікті Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру жөнінде жарлық берген.

Сонымен қатар, АҚШ президенті «екі жаққа да қолайлы бейбіт келісімге ұмтылуға болысуды» Вашингтон сақтайды деген болатын. Трамптың айтуына қарағанда, егер екі жақ келісетін болса, АҚШ «екі мемлекет» шешімін қолдайды".

Иерусалим мәртебесі — палестина-израиль жанжалындағы басты мәселелердің бірі. Израильдықтар 1967 жылғы соғыс барысында қаланың шығыс жағын жаулап алған. Олар Иерусалим Израильдің «жалғыз әрі бөлінбес» астанасы болып табылады деуден бас тартпай отыр. Ал палестиналықтар болса, қаланың шығыс жағын өз астанасы етпек.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру