Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қажылықта да жасанды ақыл қолданылатын болды

www.muftyat.kz 08.12.2017 3455 0 пікір
Қажылықта да жасанды ақыл қолданылатын болды

Әл-Харам мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешіттері жөніндегі Бас басқарманың мәлімдеуінше, қажылық кезінде қажылардың қасиетті орындардың маңында жайлы әрі қауіпсіз түрде жүріп-тұруы үшін Сауд Арабия үкіметі жасанды ақылмен дайындалған алгоритмді қолданбақшы.

"Жаңа технологияның көмегімен Қағбаның маңында қажылардың жайлы түрде жүріп-тұруын қамтамасыз ету  үшін ведомство үкіметпен, қауіпсіздік қызметімен әрі ғылыми орталықтармен  белсенді түрде жұмыс жасап келеді", - деп атап өтті басқарма өкілі Фарес бин Файез Мулла.

Оның айтуына қарағанда, жыл сайын қажылық парызын өтеуші қажылардың саны артып келеді және Корольдік билігі әр тілде орнатқан көптеген  тақтайшалар мен нұсқауларға қарамастан, қасиетті орындардың маңында кептеліс болып жатады. Адамдардың көп жиналып қалуынан әрі күннің шыжыған сәулелері салдарынан кейде медицина қызметкерлерінің көмегі қажет болы жатады.

Басқармадағылардың айтуынша, жасанды ақылдың көмегімен кептеліс мәселесін шешуге болады. Технологияны жасаушылардың пікірінше, қасиетті орынның маңындағы кеңістік бірдей виртуалды  секторларға бөлініп және әр сектордың шынайы уақыт бойынша бос еместігі ескерілетін болмақ.

Сондай-ақ, жасанды ақыл мүмкін болар кептелістің алдын алу үшін қолайлы шешімді жетілдіре түседі.

Айта кету керек, үстіміздегі жылы қажылық парыздарын өтеуге келген қажылардың жалпы саны шамамен 2 млн адам болған.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру