Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Мұхаммед – Британиядағы жаңа туған ұлдарға ең көп қойылатын есім

www.muftyat.kz 04.12.2017 3853 0 пікір
Мұхаммед – Британиядағы жаңа туған ұлдарға ең көп қойылатын есім

Ұлыбританияда адамзат баласының ардақтысы, біздің сүйікті Пайғамбармыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) есімі — жаңа туылған ұлдарға берілуде  қайтадан рекорд жасауда.

2017 жылы дүниеге келген ұл балаларға Мұхаммед есімінің қойылуы кеңінен тараған, ал Оливер есімі рейтингтің бірінші орнынан екіншісіне түсіп қалған, деп мәлімдейді The Mirror.

Әлеуметтанушылардың белгілеуі бойынша, мұсылман ер адамына тиесілі бұл есімнің Ұлыбританияда жаңа туылған ұл балалардың арасында кеңінен таралуының себебі тек демографиялық үрдіске не болмаса мұсылмандар арасындағы жоғары туу көрсеткішіне байланысты емес, өйткені Ислам дінін ұстанушылар елдегі халықтың 6,3% ғана құрайды екен.

Есімдер рейтингін дайындаған BabyCentre ғаламтор-баспасының редакторы Лорн Марштың айтуынша, Мұхаммед есімі бұл рейтингті мұсылман қауымдастығында кеңінен таралғандықтан алған – отбасылардың басым көпшілігі құжат бойынша ұлдарына сүйікті Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) есімін бергенімен, бірақ күнделікті өмірде оларды қысқа әрі жергілікті есіммен атай береді екен.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру