Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Дубай полициясы жүргізушілерге айыппұл салмайтын болады

www.muftyat.kz 01.12.2017 3179 0 пікір
Дубай полициясы жүргізушілерге айыппұл салмайтын болады

Дубай полициясы БАӘ-нің құрылғанына 46 жыл толуын атап өту кезіндегі демалыста жүргізушілердің жасаған ұсақ жол бұзу ережелеріне кешірім етпек.  Осы күндері айыппұлдың орнына авто жүргізушілер ұялы телефондарына мәтін түріндегі ескертулер алатын болады.

Дубай полициясын басқарушы генерал-майор Абдалла Халифа Әл Мерридің айтуынша, бұл науқанның міндеті – ауқымды мейрам кезінде авто көлік жүргізушілер арасындағы бақыт деңгейін арттыру және жол жүру ережелерін сақтаушыларды ынталандыру. Жол ережесін бұзғандардың ұялы телефондарына келешекте жол құқығын бұзудан аулақ болуға шақыратын өтініштер келіп түсетін болады.

Сонымен қатар, балалары бар әйелдерге қасында бос автокөлік қоятын орын болмағандықтан, бірнеше минутқа көлікті дұрыс қоймағаны үшін айыппұл салынбайды.  Келесі демалыста Дубайды 600 тәртіп полициясы күзететін болады.

Сондай-ақ, полиция хабарлағандай, БАӘ-нің Ұлттық күнін тойлау кезінде авто көлікті қауіпті жүргізгендерге 2000 дирхам көлемінде айыппұл әрі  23 айыппұл баллы салынып және 60 күнге көлік тәркіленетін болады.

 

 

 

 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру