Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Студенттер Мәуліт айын ерекше атап өтуде

Студенттер Мәуліт айын ерекше атап өтуде

Ақиқатты ілім ретінде оқып, әр күні Алланы ұлықтап, Пайғамбарға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтудың қыр-сырын үйретуші Нұр-Мүбарак университетінде Мәуліт айы ерекше аталып өтуде.

Әлбетте, атеистік құрсаудан шыққан еліміз адамзатқа жаратылыстың мәнін, өмірдің сәнін, ақиқаттың дәмін ұсынып, өшпес із қалдырған Мұхаммед пайғамбардың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүние есігін ашқан айы жайлы да біле бастағанымызға уақыт өлшемімен көп болмады. Бірақ бұл мейірім мен игіліктің, қайырымдылықтың, Алла елшісінің (с.а.у.) өнегелі өмірі жайлы жалпақ жұрттың кеңірек тануына жол ашқан бірден бір шараға айналды.

Биылғы Мәулітте Нұр-Мүбарак университетіндегі мысырлық ғалымдар ерекше ықыласпен кеңінен дастархан жайды.  Студенттер, ұстаздар мен қызметкерлер араб халқының тәтті-пұттыларымен танысып, дәм татты. Өз елдерінен жырақта жүрсе де қазақ халқымен арадағы бауырластықтың жалғасқанына ризашылықтарын білдіріп, Аллаға мадақ, пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айтылды.

Ректор, профессор  Жуда Басюни мырза Пайғамбарымыздан (с.а.у.) қалған ұлы өнегелерді өмірде ұстанудың маңызына тоқталып, білім алудағы ыждаһаттылық жайлы да айтып өтті. Проректор, профессор Шамшәдин Керім мырза екі ел арасындағы жәй ғана достық емес, діни, мәдени, білім-ғылым саласындағы ынтымақтастықтың мұсылмандар әлеміне үлгі боларлық, бұл сонау исламның алтын ғасырынан келе жатқан ізгілікті жаңғырту екендігін баса айтты.

Ұстаз-ғалымдар Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өнегелі өмірінен мысалдар келтіріп, жиылған қауымға өнегелі өсиеттерден еске салды.

Ақ бата, ізгі дұғамен аяқталған дастарханнан кейін жиылған қауым кешті университеттің мешітінде мәуліт оқумен жалғастырды. Доктор Саид Абдулмажид мырза Әбу Иса әт-Тирмизидің «Шамаил әл-Мухаммадия» кітабына сүйене отырып жалпы жамағатқа тағылымды туындыға өзек болған Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тамаша тұлғасын жаңаша табыстырғандай әсер қалдырды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру