Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Дубайда 1 айда әлемдік 15 рекорд жасалды

www.muftyat.kz 23.11.2017 3171 0 пікір
Дубайда 1 айда әлемдік 15 рекорд жасалды

Гиннесс рекордтар кітабының өкілдері Дубайда өткен 30 күндік фитнес-челленджде 15 әлемдік рекордты белгіледі.

Жоғары нәтижелерге қарапайым тұрғындар да, үкіметтік ведомстволар да қол жеткізді, ал полиция 3 әлемдік рекорд жасады.

Рекордтардың басым көпшілігі 2 кезең бойынша өткен Guinness World Records Live Events шарасында орын алған.

Дубайда жасалған бірнеше рекордтардың тізімі төмендегідей: бір команда 100 м дейін сүйреген ең ауыр ұшақ; бір мезгілде берпи жаттығуларын жасаған ең көп мөлшердегі адамдар саны; мүгедек арбасына отырып жарысқандар саны;  30 секунд ішінде ең көп секіру;  бір қолмен 30 түрлі шарды тез сұрыптау және 30 секунд арасында ең көп жасалған аэробтық жаттығулар саны.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру