Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Nike хижабы жылдың ең үздік өнертабысына айналды

www.muftyat.kz 21.11.2017 3501 0 пікір
Nike хижабы жылдың ең үздік өнертабысына айналды

Американдық Time журналы жыл сайын ең үздік өнертабыс көзінің тізімін жариялайды. 2017 жылдың үздіктер тізіміне Nike компаниясының спорттық хижабы  да кірді.

Естеріңізге сала кетейік, мұсылман-спортшы қыз-келіншектерге арналған хижабты әзірлеуге ислам дінін ұстанушы атлетикамен шұғылданатын спортшылар, соның ішінде, БАӘ-нің танымал мәнерлеп сырғанаушысы Захра Лари  де қатысқан болатын.

Хижаб арнайы жоғары технологиялы жеңіл матадан дайындалған. Аталмыш шариғат шәлісі қара, сұр және обсидиан түстерінде ғана.  Спорттың кез-келген түрімен айналысатын спортшы қыз-келіншектерге орамал еш кедергі келтірмейді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру