Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 September 2023

10 Rabıǵýl áýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ-НЫҢ ЖҰМА НАМАЗЫНА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕСІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 07.01.2022 5390 0 пікір

Еліміздегі күрделі ахуалға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бүлік салған арандатушылардан қорғау мақсатында еліміздің барлық өңірінде төтенше жағдай жарияланды.

Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел азаматтарының денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтай отырып, 7 қаңтардан бастап еліміздің мешіттерінде жұма намазы оқылмайтынын мәлімдейді.

Елдегі ахуал тұрақталып, төтенше жағдай тоқтатылғанға дейін құлшылықтарды үйде орындаған абзал. Діни басқарма жағдайды түсіністікпен қабылдап, сабырлық танытуларыңызды сұрайды.

Біздің елдің тірегі де, тілегі де – бейбітшілік пен береке-бірлік. Сондықтан қазіргі уақытта өзара сенім білдіру, ақылға жүгіну, тәртіпсіздікке бой алдырмау аса маңызды.

Алла Тағала халқымызды алауыздықтан сақтап, елімізге тыныштық, жұртымызға амандық нәсіп еткей!

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру