Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

16 April 2024

7 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАНАЗА ЖӘНЕ АСТАРДЫ АТҚАРУ ТӘРТІБІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.06.2020 14673 0 пікір

 

18.06.2020 жылдан бастап 

Жаназа намаздарын оқуға және астарды өткізуге қойылатын талаптар:

 

  • Жаназа намазына келуші жамағатқа карантин талаптарын қысқаша түсіндіріп, орындалуын талап ету;
  • Дін қызметкері жаназа намазында 5 минуттан артық уағыз айтпау;
  • Қабір басында мәйіт жер қойнына қойылғаннан кейін жамағатты тезірек қайтаруға атсалысу;
  • Жаназадан кейінгі астарды барынша болдырмауға немесе аз кісі (тек жақын тума-туыстарының) қатысуын насихаттау;
  • Дін қызметкері жамағатпен қол алыспау;
  • ҚР Санитарлық Бас дәрігерінің 22.05.2020 жылғы №37 ПГВр қаулы талаптарын орындау;
  • Дін қызметкерлері мен жаназа намазын оқуға келген жамағаттың міндетті түрде бетперде және медициналық қолғаппен жүруін насихаттау және орындау;
  • Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер және әйел) және жас балалар жаназа намаздарына қатыспау;
  • ҚМДБ қонақ асы, жетісі, қырқы, жүзі, жылы, еске алу т.б. көпшілік жамағат жиналатын астарды еліміздегі эпидемия жағдайы тұрақталғаннан кейін өткізілуге кеңес береді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру