Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

МЕШІТТЕРДЕ КЕЗЕКТІ ҚҰЛШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 05.06.2020 9268 2 пікір

    Қасиетті кітабымыз Құранда: «Расында, қиындықпен бірге жеңілдік бар. Алла сендерге жеңілдік қалайды», – делінген. Аллаға шүкір, елімізде төтенше жағдай мерзімі аяқталып, халқымыз қалыпты өмір тіршілігіне ауыса бастады. Алайда карантин режимінің талаптарын әлі де сақтап, сақтық шараларына аса мән беруіміз қажет. 

    Карантин режимінің жұмсартылуына байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да еліміздегі мешіттердің жұмыстарын жандандырып келеді. Аллаға шүкір, мешіттердегі құлшылықтар жамағаттың қатысуымен екінті намазынан кейін карантин кезіндегі арнайы санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, жүзеге асатын болады

    Бұл ретте Түркістан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің оң шешіміне сәйкес бүгіннен бастап осы өңірдің ірі мешіттерінде жұма намазы оқылады. Бірақ ең бастысы ҚР Санитарлық Бас дәрігерінің 22.05.2020 жылғы Қаулысындағы талаптарды орындай отырып, мешіттердің сыйымдылығын 30 пайыздан асырмау қажет, сонымен қатар адамдар арасындағы арақашықтық 1,5 метр болуы тиіс.

    Қазіргі уақытта белең алып тұрған індеттің әр өңірлерде таралу деңгейінің әртүрлілігіне орай алдағы уақытта әр өңір тұрғындарының денсаулығына жауап беретін жергілікті бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің оң шешімі негізінде жұма намазы оқылады.   

    Құлшылық кезінде мешіттерде жүзеге асатын санитарлық іс-шаралар тәртібі мен ережелерді басшылыққа алуларыңызды сұраймыз.

 

Құрметті бауырлар!

    Сіз бен біздің еліміздегі вирустың алдын алуға бағытталған кешенді шараларды қатаң сақтауымыздың нәтижесі бұрынғы қалыпты құлшылықтарымызды тез арада қайта жасауға мүмкіндік туғызатынын  түсінейік. Өзімізге қамқорлық – өзгелерге қамқорлық екенін естен шығармайық.

    Алла Тағала жер бетінен жұқпалы індетті жойып, мешіттерімізді жамағатқа толтырып, берекелі, мерекелі сәттерде жүздесуді жазғай! Еліміз аман, жеріміз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай! Әмин!

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Pіkіrler (2)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Меирбек утепбергенов | 05.06.2020 01:17

Ассалаума алейкум уа рохматуллоһи уа баракатуһ!

құрметті муфтият жұмысшылары,

сізден өтініш! Муфтиятта ереже шығаруға үкім берген әріптесіңізге жеткізсеңіз деймін.

банктер, супер маркеттер одан қала берді сауда кешендер ашылып жатыр кұні бойы жұмыс жасауға. Бес уақытты мешітте оқуға болмайды десеңізде аптасына бір ақ рет жұма намазын оқуға болмас па екен? Алладан ұят болар! Карантин ислам дінінен алынғаны сөзсіз сонау індеттің таралған қалаға кіруге не ол жерден шығуға тыйым салынғанымен ол жерде жұма оқылмады дегені жоқ емеспе? 

Абдужаффарұлы Жанкелді | 07.06.2020 11:17

Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатуху 

құрметті бас муфти біз әзрет сұлтан мешітінің жамағатымыз біз мешітті сағындық жамағат намазын сағындық Алланың разылығы үшін мешітімізді жамағат намазға ашыңыздаршы қандай санитарлық талаптар сақтау керек сақтаймыз биік орындарды осыны айтып жеткізсеңіздер