Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ АЛМАТЫДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 02.12.2022 3272 0 пікір
БАС МҮФТИ АЛМАТЫДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы Орталық мешітінде жамағатқа жұма уағызын айтты. 

Алла Тағалаға иман келтірген пенде әрқашан келешекке үмітпен қарайтынын тілге тиек еткен ҚМДБ Төрағасы адам да, қоғам да үміттің арқасында алға басып, дамитынын айрықша атап өтті. 

«Пенде өзінің үміті арқылы түрлі белестерден қиналмай өтіп, биік шыңдарға шығып, көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Осыны ескерген халқымыз мақал-мәтелдерінде: «Үмітсіз жаннан без, қайырсыз малдан без», «Шықпаған жанда үміт бар», «Үмітсіз шайтан», – деген түрлі насихаттар қалдырған. 

Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Хижр» сүресінің 56-аятында біздерді еш уақытта үміт үзбеуге шақырып: «Раббыңның рақымдылығынан адасушылардан басқа кім үміт үзеді?» – деп айтқан. 

Үмітсіздік – үнсіз жұтатын ұйық іспетті. Адам қанша қарманбақ болса да, еш нәрсеге қол іліктіре алмай, батқан сайын бата түседі. Үмітсіздік қылу адамды күйзеліске ұрындырып, келешегін тұмшалайды. Бұл дүниеде өмір сүруге деген ынта-ыждаһатын, ерік-жігерін, құлшынысын құрықтап тастайды. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы: «Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады», – деуі осыдан» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти жұма намазынан кейін Алматы Орталық мешітінің жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру