Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

05 July 2025

10 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ КЕЗЕКТІ АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 30.11.2022 4078 0 пікір
БАС МҮФТИ КЕЗЕКТІ АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы кезекті аппарат жиналысын өткізді.

«Өздеріңізге белгілі, мен жыл басында барша дін қызметкерлеріне бағдарлық баяндамамды жолдап, бірқатар тапсырма бердім. Аллаға шүкір, жоспарланған жұмыстар орындалды. Өздеріңізге тапсырылған тапсырмаларды тиянақты орындап шықтыңыздар. Ол үшін сіздерге айрықша алғысымды білдіремін. Ендігі мақсат – жаңа 2023 жылда ауқымды іс-шараларды жүзеге асыру» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Мәжілісте Бас мүфти жастарға дұрыс діни ақпарат жеткізуге, дін мен дәстүр сабақтастығын көбірек дәріптеуге назар аударып, нақты тапсырмалар берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру