Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ИМАМ-ҰСТАЗДАР 5 КҮНДЕ 4439 ТЫҢДАУШЫҒА УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 07.07.2022 4609 0 пікір
ИМАМ-ҰСТАЗДАР 5 КҮНДЕ 4439 ТЫҢДАУШЫҒА УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

Қазақстан қажылық миссиясының бір бағыты – қасиетті мекендерге қажылық парызын өтеуге келген қажыларға уағыз-насихат жүргізіп, құлшылық амалдарын шариғат талабына сай орындауға септігін тигізу. Осы мақсатта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекітуімен биыл 14 қажылық фирмасына 14 уағызшы имам-ұстаздар бөлінді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уағызшылар тобы 1-5 шілде аралығында 77 тақырыпта 4439 тыңдаушыға уағыз айтты. Атап айтқанда, Ұлан Шарипов «Қажылықтың маңызы», «Ғайбат айтудың күнәсі», «Арафаттың артықшылығы», Олжас Бейсенәли «Ұхуд шайқасы», «Құба мешітінің тарихы», «Ұмра қажылығының құндылығы», Нұралы Бақытұлы «Ихрамның үкімдері», «Қажылықтың әдептері», Асқар Мұқанов «Сафа мен Мәруа», «Жамараттың орындалуы», «Мина жазығындағы құлшылық», Бауыржан Әбдуәли «Тәубе етудің маңызы», «Қағбаның қасиеті», Юнес Асга «Әбу Талһаның иманға келуі», «Самама ибн Асалдың өмірбаяны», Нұрлыбек Шакизадаұлы «Уақыттың қадірі», «Құлшылықтың қабыл болу шарттары», Ернар Мажен «Хандақ соғысы», «Бақи қорымы», «Нұр тауы мен Хира үңгірі», Ералы Есенгелдиев «Тауап жасаудың сауабы», «Ықылас пен ниет», Қанатали Такиров «Қажылықтың сынақтары», Асқар Жұбанов «Рия деген не?», Әбдімүтәлі Дәуренбеков «Бәдәл қажылық», Ерболат Боханов «Тақуалық», Руслан Қайыргелді «Этикеты поломника» т.б тақырыптарда уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ Қазақстан қажылық миссиясының мүшелері Батыржан Мансұров «Қажылықтың қадір-қасиеті», Ардақ Оразбаев «Құлшылықтағы жүректің орны», Медет Құрсақов «Ықыластың діндегі орны» тақырыптарында уағыз-насихат айтты. Уағыз-насихат жұмыстарында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы мен биыл ҚМДБ аясында жарияланған «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы тақырыптары да көтерілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру