Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

08 May 2024

29 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚАЖЫЛАРЫМЫЗ ТОҚТАҒАН ҚОНАҚҮЙЛЕР ТҮГЕЛ ТЕКСЕРІЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 06.07.2022 3377 0 пікір
ҚАЖЫЛАРЫМЫЗ ТОҚТАҒАН ҚОНАҚҮЙЛЕР ТҮГЕЛ ТЕКСЕРІЛДІ (ФОТО)

Қазақстан қажылық миссиясы Мекке қаласындағы отандастарымыз орналасқан қонақүйлерді түгел аралап бітті. Миссия мүшелері «Qazaq travel», «Нұр-Қазақстан», «Hickmet travel», «Nurkhan travel», «Сембекова и К», «Атлас туризм», «Mina travel», «Ордабасы-НЖ Robinzon» компанияларының қажылары тоқтаған қонақ үйлерді аралап, сервис сапасын тексерді.  

Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы Ершат Оңғар, Бас мүфтидің кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы, ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров және басқа да миссия мүшелері аталған компаниялардың қызметіне жүгінген қажыларға миссияның жұмысын таныстырып, қасиетті сапардың мән-маңызы жайлы толық мәлімет берді.

ҚМДБ «Уақып» қорының президенті Ардақ Оразбаев қажылық парызы жайлы тағылымды уағыз-насихат айтса, Шариғат және пәтуа бөлімінің бас маманы Медет Құрсақов қажыларды толғандырған сауалдарға жауап берді. Ал миссия дәрігерлері Әбдіжаппар Еркінұлы, Ардақ Айтбайұлы қажылардың денсаулығын сақтауға қатысты ой-пікірін бөлісті.

Миссия мүшелері бірқатар қызмет түрлерін бақылауға алды. Атап айтқанда, уағыз-насихат жұмыстарының уақытылы жүргізілуі, компания ұсынған бағдарлама, намаз кестесі, тамақтанатын уақыттардың көрсетілуі, ас мәзірі, тағам сапасы мен қажылар орналасқан бөлмелердің өз бағасына сай болуы да назардан тыс қалмады. Сондай-ақ қажыларға қолайлы жағдай жасап, сапалы қызмет көрсету, әр фирмада дәрігер мен діни білімі жоғары гидтің (жолсерік) болуына да мән берілді.

Сондай-ақ миссияның жұмыс тобы «Сембекова и К», «Атлас туризм», «Mina travel», «Ордабасы-НЖ Robinzon» компанияларының басшыларымен кездесу өткізіп, алдағы атқарылатын жұмыстарды пысықтады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру