Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

09 July 2025

14 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

МЕККЕДЕ ҚАЖЫЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.07.2022 4497 0 пікір
МЕККЕДЕ ҚАЖЫЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін Мекке қаласында қажылық компаниясы басшыларымен ресми кездесу өтті. Жүздесуге Қазақстан қажылық миссиясының мүшелері мен 14 қажылық компаниясының жетекшісі қатысты.

Басқосу барысында қазақстандық қажылардың ұлы құлшылыққа дайындығы, қажылық компанияларының қызмет көрсету сапасы т.б мәселелер талқыланды.

Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы Ершат қажы Оңғар компаниялар жетекшілеріне қажыларға сапалы қызмет көрсетуді, олардың құлшылығының дұрыс орындалуын қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ жиында қажылардың денсаулығын қадағалау, қауіпсіздік шараларын ескеру секілді мәселелер пысықталды. Қажылық компаниялары жетекшілеріне ҚМДБ тарапынан 14 компанияға бөлініп берілген уағызшы имамдардың лайықты уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуіне, қажылардың іс-шараларға жүйелі қатысуын қадағалауға қатысты тиісті тапсырмалар берілді.

Жиында Қазақстан қажылық миссиясының мүшелері де өз ұсыныс-тілектерін жеткізіп, ұлық сапарда белсенділік танытып, жұмысқа жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Айта кетейік, биыл қажылық парызын өтеу үшін Мекке қаласына 4000 отандасымыз келді. Оларға 14 қажылық компаниясы қызмет көрсетуде.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру