Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ КІШІ ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 27.05.2022 2148 0 пікір
БАС МҮФТИ КІШІ ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ-ның кіші Төралқа мәжілісі өтті. Жиынға ҚМДБ бөлім басшылары мен және Орталық аппарат қызметкерлері қатысты.

Мәжілістің күн тәртібі бойынша бірнеше мәселе қаралды. Бас мүфтиге аталған мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар жайлы баяндалды. Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай ҚМДБ-ның 200 дін қызметкеріне берілетін жәрдемақы, Қажылық бөлімінің меңгеруші Жанділлә Бекжігітов биылғы қажылық маусымын ұйымдастыру, Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев мешіттерге атау беру және қалалық, аудандық, ауылдық мешіттердің макеттерінің жобасы жайлы баяндады.

Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.