Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ АДНАН МЕНДЕРЕС АТЫНДАҒЫ КӨШЕНІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 07.05.2022 3842 0 пікір
БАС МҮФТИ АДНАН МЕНДЕРЕС АТЫНДАҒЫ КӨШЕНІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласында рухани әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаңа көшеге түркі халықтарына ортақ тұлға, әлемдік деңгейдегі саяси қайраткер Аднан Мендерестің есімін беруге арналған салтанатты рәсімге қатысты.
 
Айтулы іс-шараға Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әли Ербаш та қатысты. Ол тұлғаға құрмет көрсеткен Қазақ еліне алғысын білдіріп, Түркістанның түркі әлемінің орталығына айналып келе жатқанын жеткізді. Сонымен қатар қос ел арасындағы бауырластық қарым-қатынас нығая түскенін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының ұйымдастыруымен өткен Түркістан төріндегі маңызды іс-шаралар Түркі әлемін біріктіруге серпін беретінін атап өтті.
 
Айта кетсек, саяси қайраткер, Түркия Республикасының Премьер-министрі қызметін атқарған Аднан Мендерестің қазақ халқына сіңірген еңбегі мол. Ол  өткен ғасырдың 50-жылдары қазақтардың Түркияға қоныстануына себепкер болып, 4 жылға жуық созылған қоныс аудару процесіне қолдау көрсеткен. Тарихи тұлғаның 1952 жылғы қаулысынан кейін қазақтар Пәкістаннан Түркияға қоныс аудара бастады. Пәкістандағы қазақтардың алғашқы легі 1952 жылдың қыркүйек айында келсе, соңғы легі 1956 жылы түрік жеріне жеткен.
 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру