Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ АҚПАРАТ САЛАСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 07.04.2022 3293 0 пікір
БАС МҮФТИ АҚПАРАТ САЛАСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің Рамазан айының алғашқы аптасында жасаған жұмыс есебін тыңдады.

Жиында Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы Бас мүфтиге ақпарат саласы бойынша Рамазан айында атқарылып жатқан маңызды жұмыстар жайлы есеп берді.

Бөлім басшысы Раббымыздың мейірім-махаббатына бөленетін айдағы Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың БАҚ беттерінде, медиа құралдардағы насихаты жайлы баяндады. Сондай-ақ еліміздің арналарындағы, әлеуметтік желілердегі оразаға қатысты жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. ҚМДБ бөлім басшылары мен мамандары подкаст түріндегі «Рамазан – нұр шашқан ай» жаңа бағдарламасына, сондай-ақ «Түркістан» телеарнасының «Жаңа толқын» бағдарламасына қатысып, ораза жайлы сауалдарға жауап беріп жатқанын атап өтті.

Бөлім сағатында ҚМДБ Ғаламтормен жұмыс секторының меңгерушісі Серікбол Хасан Діни басқармаға қарасты сайттар мен әлеуметтік желілердегі оразаға қатысты жұмыстардың есебін берді. Ораза айында белсенді жұмыс істеп жатқан сайттарды атап өтіп, әлеуметтік желілерде сұрақ-жауап форматындағы онлайн тікелей эфирлер, басқа да маңызды іс-шаралар өтіп жатқанын алға тартты. Сондай-ақ Діни ақпарат беру орталығы мамандарының тәулік бойы қазақ және орыс тілінде оразаға қатысты сұрақтарға жауап беріп жатқанын атап өтті.

«Munara TV» телеарнасының директоры Нұржан Дарқұлов Рамазан айында эфирден көрермендерге жол тартқан жаңа бағдарламалар жайлы баяндады. Сондай-ақ Қадір түні қарсаңында «Мұнара ТВ» арнасы тікелей эфирде арнайы бағдарлама ұсынатынын атап өтті.

Жиын соңында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарма жұмысын насихаттау бағытында бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ Орталық Аппарат қызметкерлері бөлімнің жұмысына қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру