Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ АРДАГЕР ИМАММЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 04.03.2022 3592 0 пікір
БАС МҮФТИ АРДАГЕР ИМАММЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

Елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін саласының ардагері, Алматыдағы «әл-Хамид» мешітінің бас имамы Асылхан Аманқұловпен кездесті.

Сұхбат барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Қариялар – ел қазынасы» І республикалық ақсақалдар форумы тілге тиек етілді.

«Сіз ұзақ жылдан бері Діни басқармада, мешіттерімізде қажырлы еңбек етіп келесіз. 2000 жылдары наиб мүфти қызметінде болдыңыз. Кейінгі жас буынға жол сілтеп, бағыт-бағдар көрсететін ардагер имамдарымыздың бірісіз. Алла Тағала сізге ұзақ та берекелі ғұмыр нәсіп етіп, деніңізге саулық, маңайыңызға амандық берсін. Ізіңізден ерген жас дін қызметкерлеріне сіздің жолыңызды берсін» деп Бас мүфти ардагер имамға ізгі тілегін жеткізді.

Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы І республикалық ақсақалдар форумына арнайы келген Асылхан Аманқұловты 60 жас мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жапты. Өз кезегінде дін қайраткері Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына шексіз ризашылығын білдіріп, үлкенге құрмет танытып, кішіге үлгі болғаны үшін алғыс айтты.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру