Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 15.10.2021 5128 0 пікір
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары кезінде «Қызылжар» орталық мешіті жамағатына аталған өңірге тағайындалған бас имамды таныстырды.

«Біз бүгінде мешіттерімізге білімді, тәжірибелі жас ғалымдарды имамдық қызметке тағайындап жатырмыз. Хамзат Қажымұратұлы Ливия мемлекетінде білім алып, осы солтүстік өңірдегі мешітте, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының орталық аппаратында және елордамыздағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жұмыс істеді. Осы өңірде де өзіне жүктелген қызметті абыроймен атқарады деп сенемін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти осыған дейін облыста бас имам болған Кенжетай Дүйсенбайға алғыс айтып, ризашылық ниетін жеткізіп: «Сіздің діни саладағы мол тәжірибеңізді ескеріп, Діни басқармаға қызметке қабылдадық» деді.

Игі іс-шарада мешіт ақсақалдары имамдарға батасын беріп, дұға жасады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру