Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ШЕЙХ АЛЛАШҮКІР ПАША-ЗАДЕМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 07.10.2021 2838 0 пікір
БАС МҮФТИ ШЕЙХ АЛЛАШҮКІР ПАША-ЗАДЕМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Задемен кездесті.

Кездесуде Бас мүфти: «Құрметті Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Заде Хазірет! Қазақстанға қош келдіңіз. Алла сапарыңызға береке нәсіп етсін. Сіз Баку қаласында Әлемдік дін лидерлерінің саммитін өткізуге ықпал етіп, осы халықаралық басқосуда дін қайраткерлерін ортақ мақсатқа үндеп келесіз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамаларын да әркез қолдап отырасыз. Алла разы болсын! Осы сәтті пайдаланып, бауырлас халықты 18 қазан Әзірбайжан Республикасының тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Алла Тағала барша бауырлас елдерге, мұсылман үмбетіне ауызбіршілік пен береке нәсіп етсін» деді.

Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Заде Бас мүфтиге ізгі ниетін білдіріп: «Алланың қалауынсыз ешкім діни қызметке келмейді. Сіздің Бас мүфти болуыңыз да – Алланың қалауы. Сондықтан аманаты үлкен діни қызметті абыроймен атқаруыңызға тілектеспін. Ғажап ғимараттарыңыз бар. Мемлекет жұмыстарыңызға қолдау көрсетіп отыр екен. Енді халық пен мұсылман үмбетінің игілігі үшін аянбай еңбек ету керек. Ол үшін ең әуелі дін лидерлерінің өзара байланысы мықты болуы тиіс. Сонда ғана мұсылман үмбетінің бірлігі нығаяды. Барша дін өкілін ізгілік пен ортақ мақсатқа үндеп келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтың игі ісіне Алла жар болып, мол сауаптан жазсын» деді.

Кездесу соңында тараптар діни ағарту, діни білім-ғылым саласы бойынша ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру