Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

16 April 2024

7 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ ДӘРІС БЕРДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 27.09.2021 2903 0 пікір
БАС МҮФТИ МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ ДӘРІС БЕРДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Сұлтан қаласында «Астана» медресе-колледжінің шәкірттеріне дәріс берді.

«Насихат тәсілдері» тақырыбында дәріс оқыған Бас мүфти: «Өздеріңіз жақсы білесіздер, адамға айтылар насихаттың уақыты мен орны болады. Насихат тәсіліне қатысты ескеретін жайт: халыққа айтар сөзімізді, яғни Ислам құндылықтарын үрейлендіріп емес, сүйіншілеп жеткізуіміз керек. Бұл жайында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисі бар екенін жақсы білесіздер. Насихат айту кезінде бұйрық раймен сөйлемеген абзал. Өйткені, тыңдаушылар арасында жасы да, жасамысы да болады. Насихат айтқан сәтте аудиторияның жас ерекшеліктерін де ескере жүргендеріңіз жөн», – деп атап өтті.

Дәріс соңында медресе-колледж шәкірттері Бас мүфтимен еркін форматта сұхбаттасып, сұрақтарына жауап алды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру