Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

16 April 2024

7 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ: 113 ІС-ШАРАҒА 16711 АДАМ ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 20.09.2021 2191 0 пікір
ҚМДБ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ: 113 ІС-ШАРАҒА 16711 АДАМ ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Діни басқарманың арнайы жұмыс тобы 13-17 қыркүйек аралығында Атырау облысында болып 113 шара өткізді.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласында облыс әкімімен өңірдегі діни ахуалды талқылады, одан ары жергілікті әкімдікте мемлекеттік мекеме басшыларымен кездесіп, діни оңалту жұмыстары жайлы пікір алмасты. Сондай-ақ «Иманғали» орталық мешітінде Атырау имамдарына дәріс оқыды, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты. Атырауда жеке кездесулер мен ықпал ету шараларын жүргізді. Атап айтқанда, «Иманғали» орталық мешітінде 3 жат ағым өкілімен кездесу өткізді.

Бұдан бөлек ҚМДБ Төрағасы «Жусан» операциясы арқылы елге оралғандар әйелдермен жүздесіп, «Иманғали» орталық мешітінде жұма уағызы мен намазы өткізді, қайырымды кәсіпкерлер алқасы мүшелерімен кездесіп, оларға алғыс хат табыстады. «Жат ағымның алдын алу және оның әдістемесі» атты 3 күндік имамдар семинарын тәмамдап, имамдарға сертификат табыстады.

ҚМДБ Төрағасы сондай-ақ Атырау қаласы Береке ауылындағы «Құран жаттау және діни сауат ашу» орталығын салтанатты түрде ашып берді. «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында жас ұстаздар мен имамдарға 453, 454, 455-баспана кілтін табыстады. Атырау қаласында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты және Атырау ҚТЖ теміржолы қызметкерлерімен және атыраулық журналистермен кездесу өткізді.

Наурызбай қажы Тағанұлы Құрманғазы аудандық Мәдениет үйінде мамандармен жүздесті және жат ағым өкілімен жеке кездесу өткізді. Сондай-ақ Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешітінің жамағатымен кездесті. Бас мүфти Махамбет ауданының Сарайшық ауылында болып, «Сарайшық» мешітінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты және Сарайшық мұражайында Хандар ордасын зиярат етті. Бас мүфти Атырау сапарында барлығы 22 іс-шара өткізді, оған 2858 адам қатысты.

Діни басқарманың арнайы жұмыс тобының мүшелері Сансызбай Шоқанов, Батыржан Мансұров, Қанат Алшынбаев, Хамзат Әділбеков, Арман Қуанышбаев, Ризабек Батталұлы, Ғазиз Ахметов, Ұлан Шарипов, Амантай Садиев те осындай маңызды іс-шараларды өткізді. Жұмыс тобы Атырау қаласы мен облысына қарасты мешіттерде уағыз-насихат айтып, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде, Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінде, «АРЕС» колледжі мен Ақпарат талдау орталығында кездесулер өткізді.

Сондай-ақ Атырау облысының Полиция департаменті; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің облыстық департаменті, облыстық әділет басқармасы, УГ-157/11 әйелдер түзету мекемесі, 157/9 түзету мекемесі т.б нысандарда арнайы жүздесулер өткізді.

Қортындылай айтқанда, мүфтияттың жұмыс тобы Атырау облысында 6 күн ішінде барлығы 16 711 адамды қамтыған 113 шара өткізді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру