Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

ДІНИ БАСҚАРМАДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІСТЕР БОЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 20.09.2021 2969 0 пікір
ДІНИ БАСҚАРМАДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІСТЕР БОЛДЫ (ФОТО)

Елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Орталық Аппарат жиналысы өтті. Жиында кадрлық ауыс-түйістер болғаны хабарланып, бөлім басшылары жаңа қызметке тағайындалды.

Алдымен Бас мүфти Діни басқармаға қарасты «Діни сараптама» бөлімінің құрылғанын мәлімдеп, оған білікті теолог-исламтанушы, бұған дейін «Нұр Астана» мешітінде наиб имам қызметін атқарған Нұрлан Қайырбековті тағайындады. Ал 2020 жылдың ақпан айында Бас мүфти бастамасымен жаңадан құрылған Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған Марат Бектазинов ҚМДБ Төрағасының бұйрығымен «Протокол» бөлімі меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Сондай-ақ Бас мүфтидің бұйрығымен Діни басқарманың Баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды.

«Сіздердің әрқайсыларыңыз өз салаларыңызда білікті маман екендіктеріңізді көрсетіп, жемісті еңбек етіп келесіздер. Жаңа қызметтеріңізде де асыл дініміздің өркенедуіне атсалысып, сауапты һәм жауапты істе белсенділік танытатындарыңызға сенім білдіремін. Алла жар болсын, істеріңізге береке берсін» деді Бас мүфти.

 

Нұрлан Евфратұлы Қайырбеков

1976 жылы 3 ақпанда дүниеге келген

Білімі:

2000-2004 жж. «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетін «Исламтану» мамандығы бойынша бітірген;
2005-2007 жж. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған;
Біліктілік және академиялық деңгейі: Халықаралық (конфессияаралық) қатынастар магистрі;
2013-2017 жж. «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің докторантурасын «Дінтану» мамандығы бойынша бітірген. Академиялық деңгейі: PhD докторы.
2017 жылы Каирдегі «әл-Азһар» университетінің ислам орталығында араб тілі мен шариғат ілімі бойынша бір жылдық курстан өткен.
2018 жылы Меккедегі «Умма Кура» халықаралық университетінде білім алған және іс-тәжірибеден өткен.
2018 жылы Стамбулдың «Айдын» халықаралық университетінде білім алған және іс-тәжірибеден өткен.
2019 жылы Қазан қаласының Федералды университетінде білім алған және іс-тәжірибеден өткен.

Еңбек жолы:

2007-2008 жж. ҚР СІМ консулдық қызметі Департаменті;
2008-2013 жж. Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде наиб имам;
2017-2019 жж. Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінде бас имам;
2017-2019 жж. Павлодардағы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінде аға оқытушы (дінтану бойынша)г.
2019-2021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұр-Астана» мешітінің наиб имамы және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Дінтану» кафедрасының доценті, PhD-дінтанушы.

2021 жылдың 20 қыркүйегінен бастап Бас мүфти бұйрығымен ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

 

Марат Дәлелханұлы Бектазинов

1982 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында дүниеге келген.

 

Білімі:

Алматы қаласындағы «Тайба» қазақ-араб колледжі.

«Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университеті.

 

Еңбек жолы:

2000-2003 жылдары Аягөз қалалық қазақ лицейінің араб тілі және дін тарихы пәндерінің оқытушысы;

2003-2005 жылдары Аягөз қалалық орталық мешітінің ұстазы;

2006-2009 жылдары Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы №1 «Кәусар» интернаты директорының орынбасары;

2009-2011 жылдары Қарағанды облыстық Орталық мешітінің ұстазы;

2009-2011 жылдары Қарағанды облыстық «5 канал» телеарнасындағы «Ислам: сауалдар мен жауаптар» бағдарламасының діни редакторы және жүргізушісі;

2011-2013 жылдары қажылық компаниясының менеджері;

2013 жылдың сәуір-қыркүйек айлары ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің маманы;

2013-2016 жылдары «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы;

2014-2016 жылдары «Астана медресесі» директорының бірінші орынбасары;

2016-2018 жылдары «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы;

2018-2019 жылдары Астана қаласы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары;

2019 жылдың мамыр айынан бастап республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы қызметін атқарды;

2020 жылдың 21 ақпанынан 2021 жылдың 20 қыркүйегіне дейін ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

 

Ағабек Қонарбайұлы Сыдықов 

1986 жылы 6 наурызда дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін (2008), осы факультеттің магистратурасын (2010) бітірген. Бір кітапшаның («Машақат пен марапат»), бірнеше зерттеу мақалалардың авторы.

Баспасөз саласына студент кезінен араласа бастады. Республикалық «Айқын» газетінде штаттан тыс тілші (2004), республикалық «Дала мен қала» газетінде штаттын тыс тілші (2005), республикалық «Жас қазақ» газетінде тілші (2006), осы басылымның бөлім редакторы (2007), жауапты хатшысы (2010), «Энерджи» радиосында жүргізуші-редактор (2011) қызметтерін атқарды.

2012 жылдан бастап ҚМДБ Баспасөз хатшысы қызметін атқарып келеді.

Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында журналистер арасында ұйымдастырған республикалық байқаудың бас жүлдегері (2011).

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Sońǵylar

Мұрағат