Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ «ОРАЗА АЙТ – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ» ОНЛАЙН БАҒДАРЛАМАСЫН ҰСЫНАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.05.2021 3470 0 пікір
ҚМДБ «ОРАЗА АЙТ – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ» ОНЛАЙН БАҒДАРЛАМАСЫН ҰСЫНАДЫ

Күллі мұсылман қауымды сағындырып жеткен Рамазан айының да аяқталуына аз қалды. Ертең, 13 мамыр – Ораза айт мейрамы.

Былтыр пандемия жағдайының күшеюіне байланысты айт намазының оқылмағаны белгілі. Соңғы бір жылда діни іс-шаралардың бұрынғыдай атқарылуына шектеу болды. Ал биылғы ораза айт мейрамын қалай атап өтеміз? Осы және айтқа қатысты өзге де сұрақтарға Діни басқарма ұсынатын «Ораза айт – ұлық мереке» онлайн бағдарламасында жауап беріледі.

Бүгін мүфтияттың YouTube каналы мен Instagram парақшасында сағат 19:00-де өтетін тікелей эфирге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, бөлім басшылары Смайыл Сейтбеков, Батыржан Берденұлы мен Марат Дәлелханұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров, сондай-ақ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі қатысады. Дін мамандары ораза айт мейрамы, айт намазы және шәууәл айындағы нәпіл ораза мен қаза оразаларға қатысты көптеген сұрақтарға жауап береді.

Ораза айтқа арналған бағдарлама бір ай бойы кешкі сағат 19:00-де тележурналист Еркін Шәкірұлы жүргізген «30 күннің берекесі» онлайн жобасын қорытындыламақ. Ерекше атап өтетін жайт, аталмыш бағдарламаның 29 шығарылымына ҚМДБ бөлім басшылары, дін мамандары мен имам-ұстаздар қатысып, тікелей эфирде ұзын саны 565 сауалға жауап берілді.

Сондай-ақ «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Хасанның @muftiyatkz инстапарақшасында 30 күн өткізген «Рамазан – рақым айы» онлайн сұхбатына 19 өкілдіктің бас имамы мен 11 РАНТ мүшесі қатысып, тағылымды әңгіме өрбітті және 400-ден аса сұраққа жауап берілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру