Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

16 April 2024

7 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ЖУСАН» БОЙЫНША ОТАНҒА ОРАЛҒАН ОТБАСЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 27.05.2020 3795 0 пікір
«ЖУСАН» БОЙЫНША ОТАНҒА ОРАЛҒАН ОТБАСЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Жусан» операциясы арқылы елге оралған қыз-келіншектермен жүздесіп, Ораза айтқа арналған сый-сияпат ұсынды.

Бас мүфти өз сөзінде Отаннан асқан аяулы мекен жоқ екенін еске салды.

«Біздің Отанымыз – Қазақстан. Шетелге шыққан сайын, елімізді сағынамыз. Қазақстан – біздің төлқұжатымыз. Алладан кейінгі қолдаушымыз да – осы Отан. Сіздерге көрсетіліп жатқан түрлі көмек – осы Отанның қамқорлығы, шарапаты. «Зекет» қорының бастамасымен өздеріңізге сый-сыяпат дайындадық. Алла сіздерге берік иман, отбасыларыңызға амандық берсін!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында «Зекет» қоры «Жусан» операциясы арқылы елге оралған 8 отбасыға азық-түлік және тұрмыстық заттар үлестірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру