Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ЕЛ МҰСЫЛМАНДАРЫН ЕҢ КЕМІНДЕ 100 ИСТИҒФАР МЕН САЛАУАТ АЙТУҒА ҮНДЕДІ (ВИДЕО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 02.04.2020 26965 0 пікір
БАС МҮФТИ ЕЛ МҰСЫЛМАНДАРЫН ЕҢ КЕМІНДЕ 100 ИСТИҒФАР МЕН САЛАУАТ АЙТУҒА ҮНДЕДІ (ВИДЕО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барша мұсылман қауымын Аллаға дұға етіп, ең кемінде 100 истиғфар және ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуға шақырып, арнайы Үндеу жолдады.

«Барша жамағатты осы үндеуді қолдап, еліміздің амандығын сұрап, жұқпалы дерттен тезірек айығу үшін 3 сәуір жұма күні, бесін намазынан кейін «100 истиғфар және 100 салауат» немесе одан да көбірек айтып, дұға жасауға шақырамыз. Жаратқан Алла халқымызға амандық берсін, науқас жандардың тезірек айығып кетуін және мешіттерімізге қайта қауышуды нәсіп етсін. Әмин!» делінген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ел мұсылмандарына жолдаған Үндеуінде. 

1. Истиғфар
Айтылуы:  أسْتَغْفِرُ اللهَ العَظِيمَ وَأتُوبُ إلَيهِ
Оқылуы: «Астағфируллаһ әл-азим уә әтубу иләйһ».
Мағынасы: «Ұлы Алладан күнәларыма кешірім сұраймын және Оған тәубе етемін».

2. Салауат
Айтылуы: أللهُمَّ صَلِّ علىَ مُحَمَّدٍ وَ علَى آلِ مُحمدٍ
Оқылуы: «Аллаһумма салли ала Мухаммәдин уә ала әәли Мухаммәд».
Мағынасы: «Уа, Алла! Мұхаммедке және оның әулетіне салауат жолдай гөр».

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру