Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 July 2024

21 Muharram 1446 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматы: Имамдар жаңа қызметке тағайындалды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 01.12.2023 3374 0 пікір
Алматы: Имамдар жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Алматы қаласының бірқатар мешітінде тағайындаулар болды.

Қасиетті жұмада Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Медеу аудандық мешітінде «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» тақырыбында жұма уағызын айтып, намаз жүргізді. Бұдан кейін жамағатқа Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді. Бұйрықта: «Данияр Әлимұхаммедұлы Жұмабаев 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы, Алматы қаласы, Бостандық аудандық «Бәйкен» мешітінің бас имамы қызметінен ауыстырылып, Медеу аудандық «Омар ибн Әл-Хаттаб» мешітіне бас имам  болып тағайындалсын», - делінген.

Дәл сондай Бас мүфти бұйрығымен Медеу аудандық «Омар ибн Әл-Хаттаб» мешітінің бас имамы қызметін атқарған Асан Әбдіқұлұлы Тілеубердиев Алматы қалалық мешітіне наиб имам қызметіне ауыстырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру