Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев арнайы іссапармен Маңғыстау облысына барды.
Сапар аясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде қор директоры мен еріктілер Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Аталған акция – халықты қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға әрі қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған игі бастамалардың бірі. Шара барысында құлшылық үйінің айналасы тазартылып, ағаш түптері қопсытылып, көгалдарға су құю жұмыстары жүргізілді.
«Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев тазалықтың исламдағы орны жөнінде насихат айтып, шараға атсалысқан еріктілерге алғысын білдірді.
Мешіт ауласын көркейтуге атсалысқан жамағатқа шынайы ризашылығымызды білдіре отырып, Алла Тағала екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін деген тілегімізді арнаймыз.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
08.07.2025
1406
0 пікір






+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру