Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

12 July 2025

17 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

Қостанай: DINTELLECT зияткерлік сайысы өтті

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 16.11.2023 2629 0 пікір
Қостанай: DINTELLECT зияткерлік сайысы өтті

Қостанай облыстық «Аймағамбет қажы Спанұлы» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірдегі Жастар ісі секторы «DINTELLECT» зияткерлік білім сайысын ұйымдастырды.

Наиб имам Әлішер Балахмет жүргізген тағылымы мол сайысқа облыс бойынша 10 команда қатысты. Әділқазылар құрамында РАНТ мүшесі Дастан Құрманбаев, жергілікті дін қызметкерлері Бектұрсын Уәлиев, Дархан Сыздықов, Нұрбол Балахмет, Аңсаған Абдрахман, Сабыржан Есмұрзиндер болды.

Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Оның қорытындысы бойынша І орынды облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы», ІІ орынды қалалық «Жайлаубай ата», ІІІ орынды Алтынсарин аудандық «Жанұзақ Алдиярұлы» мешіттерінің командалары иеленді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық пен сертификаттар берілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру